Ерлан Қошанов Осакаров ауданындағы бизнестің дамуына баға берді
Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында бірқатар шағын және орта бизнес нысандарын аралап, аудандағы шағын және орта бизнестің ахуалымен танысты.
Өткен жылдың желтоқсанында Осакаров кентінде алғашқы супермаркет ашылды. Онда негізінен қазақстандық өнімдер сатылады. Сөрелерден Қарағанды, Павлодарда жасалған шұжықтарды, жергілікті жерде өсетін көкөністер мен осы кентте пісірілетін нанды көруге болады.
– Азық-түлік бағасы кенттегі басқа да дүкендердегідей. Әлеуметтік сөре бар – ондағы тауарларың құнына небәрі 5% үстеме баға қосылған. Бұл біздің маркетингтік қадамымыз болады деп шештік, – дейді супермаркет иесі Валентина Ким.
Валентина жұбайымен бірге супермаркетті өз қаражаттарына ашқан. Ол 250 шаршы метр аумақты алып жатыр, тағы 100 шаршы метр – бөлек тұрған қоймалар. Қазір бизнесмендер мұны аздық етіп отыр. 2019-шы жылы олар шағын несие алып, оның көмегімен супермаркетті ұлғайтып, өз мейманханасын ашуды жоспарлауда.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов «Алтын Астық.А» диірмен кешенінде де болып қайтты. Ол 2016 жылы ескі диірмен негізінде ашылған. Сол уақыттан бері жаңа қожайын Ерлан Есентаев мұнда күрделі жөндеу өткізіп, астық сақтайтын Түркияда жасалған арнайы бактар сатып алған.
– 2018 жылы мен небәрі 6% мөлшерлемемен мемлекеттік бағдарлама бойынша 150 млн теңге көлемінде несие алдым. Бұл қаражат өндірісті жетілдіріп, жұмыскерлердің жалақысын 20%-ға көтеруге жетті. Енді олар орташа есептегенде 120 мың теңге алады, кәсіпорнымда барлығы 70 жұмыскер бар, – дейді Ерлан Есентаев.
Диірмен кешені Қазақстанның қалаларына және шет елге өнім жеткізеді. айына мұнда шамамен үш мың тонна ұн шығарылады.
Ерлан Қошанов сондай-ақ Осакаров ауданының жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысып қайтты. 2018-ші жылы мұнда сұранысқа ие мамандықтар бойынша 85 адам даярлық оқуынан өткен. Тағы 212 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтті, оның 133-і соңыра шағын несие алып, өз істерін бастап кеткен.
Қарағанды облысының әкімі ауданның тіршілігіне көңілі толып, Елбасының жолдауы аясында шағын және орта бизнеске барынша көмек көрсетуді тапсырды.