Ерлан келесі кезеңде

Дзюдодан 66 келіде сынға түскен Ерлан СЕРІКЖАНОВ қарсыласынан басым түсіп, келесі айналымға өтті. 

66 келіде татамиге шыққан Ерлан Серікжанов әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен болатын. Ол қарсыласын қосымша уақытта «вазари» ұпайын еншілеп, жеңіп кетті. Енді келесі кезеңде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мануэль Ломбардомен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін дзюдо спортында ерлер 66 келіге дейін, ал, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.