Жаңалықтар
Еріктілер кеңесінің мүшелері сенбілікке шықты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қарағанды облысы бойынша Департаменті жанында құрылған Еріктілер кеңесінің мүшелері Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының жастарымен бірлесіп, сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды Ortalyq.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілік барысында еріктілер қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстан тазартты.
Әрі аумақтың тазалығын сақтау мақсатында көпшілікті сенбілікке үлес қосуға шақырды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.