Бас тақырыпРесми

Еріктілер еңбегі төленді

Қарағанды облысында еріктілер «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы аясында өз еңбегі үшін төлем ала бастады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері алғашқы бастамашылар қатарында. Жобаға ҚМИУ-дың 40-тан астам студенті қатысты. Қаңтар айында төрт ерікті қажетті шарттарды орындап, 20 мың теңгеден алды. 2019 жылдың қараша айынан желтоқсанға дейін жастар «Жеңіс» республикалық қайырымдылық жобасы аясында «Әлеуметтік студенттік ваучер» бағдарламасы бойынша еңбек етті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жобаның мақсаты – аға буынды қолдау, зейнеткерлердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

2020 жыл – Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Қазақстанда Еріктілер жыл деп жарияланды. Волонтерлік бастамаларды қолдау үшін «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы іске қосылды. 20 сағат ішінде студенттер 20 мың теңге, 50 сағат үшін 50 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

 Волонтерлік ұйымдардың өзара іс-қимылы, олардың қызметін үйлестіру үшін Qazvolunteer.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды. Сайтта әрбір ниет білдіруші адам тіркеле алады. Аталмыш платформаның арқасында еріктілер өз қызметі туралы ақпаратты ашық түрде орналастыруға мүмкіндік алды. Жобалар мен акцияларды ұйымдастырушыларға пікірлестер мен орындаушыларды табу оңай болды. Платформада, сондай­-ақ, волонтерлердің рейтингі қалыптастырылады.

Теміртауда қалалық жастар клубы жанындағы «Шаңырақ» еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Қозғалыс 200-ден астам жастарды біріктірді. Волонтерлер балалар үйлеріне барып, қарттарға көмек көрсетіп, әлеуметтік акцияларға қатысады. Тұрғындарға іздеу салынғанда топтар ұйымдастырып, полицияға көмек көрсетеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button