Жаңалықтар

Ерекше серпіліс тудырған Жолдау

Президент Жолдауы жастардың бойындағы азаматтық көзқарасты арттырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді оятты. Жастарды дәл бүгінгі өмірге бейімдеп, келешекте өз Отанының шынайы патриоты болуға және Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына өзіндік үлесін қосуға шақырды.

Биылғы Жолдау: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр.Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз» – деген қуанышты да, тартымды, жанға жылу берер жылы сөздермен басталды. Президент Жолдауының ең басты көрінісі – кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан еліндегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық болып табылады. Стратегиялық мақсатымыз – Орта Азиядағы көшбасшылық рөлімізді жоғалтпау екендігі анық.

Ел Президенті Жолдауда Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы орын алған жағдайға асқан алаңдаушылық білдіретіндігін жеткізді. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

«Келесі мәселе Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді.

Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс.

Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек» – деп, қадап айтты. Сонымен қатар, Жолдауда сапалы білім беру саласында Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеп жүрген мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің білім алып, қандай да бір мамандық иесі атанып қайтуын да қамтыды. Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн» – деп, өзінің ойындағы ұсынысын жеткізді.

Президент халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамаларды алға тартты. Онда еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге реттелмелі сатып алу жүйесі аясында жеңілдіктер жасалатыны және тұрғын үй мәселелері қамтылған.

Жолдауды толық қолдай отырып, аталған құжаттың Тәуелсіз Қазақстан халқы үшін алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға жұмылдырушы бастама болатындығы сөзсіз. Президент Жолдауының бағыт беруімен Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмалары орындалып, Тәуелсіз Қазақстанның айбынды армиясының жауынгерлік даярлықтағы сапасының жақсаруы жемісті жүзеге асатындығына кәміл сенемін!

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Приозерск горнизонынң басасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button