Бас тақырып

Ербол Мырзабосынов: «Қазақстанда 120 спорт түріне қаржы бөлу тоқтайды»

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәжіліс отырысында елімізде тіркелген 180 спорт түрі мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырғандығын айтты. Өз сөзінде тек 60 түрін ғана қалдырып, соларға ғана басымдық беру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет Depositphotos

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров:

– Қазақстанда 180 спорт түрі тіркелген. Мысалы, биатлон, триатлон, петанк, унифайт деген сынды. Осындай спорт түрлерін халық танымайды. Оларды тіркеудің және қаржыландырудың маңызы қанша? Ұлыбританияда –  15, Германияда – 17 спорт түрі тіркелген. Сол тіркелген спорт түрлері ғана  бюджет тарапынан қаржыландырылады. Ал, Қазақстанда 180 спорт түрі қаржыландырылып отыр. Мұны қалай түсіндіруге болады? Бұл қандай кеңпейілдік?, – деп сауал жолдаған болатын. 

Министр Ербол Мырзабосынов өз сөзінде спорт саласында осындай мәселенің барын жасырмады.

– 180 спорт түрінің ішінен біз осы заң жобасы аясында басым спорт түрлерін анықтап жатырмыз. Ұлттық спорт түрлері мен Олимпиада ойындарына кіретін 60 спорт түрі мен Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Параазиялық ойындарына енетін 45 спорт түрін іріктейміз. Біз оларды басым спорт түрлері ретінде бекітеміз, – деп жауап берді. министр.

Сонымен қатар, министр болашақта спорт түрлерін қаржыландыру жүйесі медаль жиынтықтарының көрсеткіші бойынша анықталатынын да айтты. Әрі қаржыландыру мәселелері Париж Олимпиадасынан кейін ерекше назарға алынғандығын баса айтты.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button