Жаңалықтар
Елімізде жүргізуші куәлігін алу ережелері өзгертілді
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қызметі өзгерді. eGov.kz порталын пайдаланушылар енді жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталған, жоғалған немесе ұрланған кезде ғана емес, сондай-ақ тегі, аты және әкесінің аты өзгерген кезде де ала алады. Бұл туралы «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы мәлімдеді.
– Енді жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде пайдаланушылар бұрын алынған жеке куәлігі мен паспортынан (3 жылдан аспайтын құжаттар) өз фотосын орнату мүмкіндігі пайда болды. Басты шарты суреті пайдаланылатын құжат 3 жылдан артық болмауы керек, – делінген хабарламада.
Бұдан басқа азаматтарға ыңғайлы болу үшін дайын құжаттарды алуға болатын ХҚКО бөлімшелерінің тізімі кеңейтілді. Енді жүргізуші куәлігін тек мамандандырылған ХҚКО-да ғана алмайсыз. Онлайн-сұрау салу кезінде жүргізуші куәлігін қайта шығару 60 минутты, арнайы ХҚКО бөлімшелерінде – 120 минутты алады.
Қызметті үш рет басып алуға болады:
- eGov.kz порталында авторизация жасаңыз және “Көлік және коммуникация” бөліміне өтіңіз;
- қызметтер тізімінен “Жүргізуші куәлігін алу” тармағын таңдаңыз және барлық қажетті өрістерді толтырыңыз;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қойыңыз.
Қызмет нәтижесімен жеке кабинетте танысуға болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА