Білім

Елімізде кадр тапшы өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама іске асырылуда

Қазақстанда кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленді. Онда педагогтерді қолдаудың бірқатар шаралары, оның ішінде нақты жүктеме мен еңбекақыны ескерумен 150%-ға дейін ынталандыру төлемдері қарастырылған, деп хабарлайды ortalyq.kz Оқу-ағарту министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

Бұдан басқа, мақсатты аймақтарға тартылған мұғалімдер кадрлық резервке енгізіліп, «Жылдың үздік жас мұғалімі» байқауына қатыса алады (жүлде қорында Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту және орта білім беру бойынша халықаралық конференцияларға жолдама беру қарастырылған).

Арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған педагогтерге 2023 жылы аттестаттау рәсімінен өтпей бір деңгейге жоғары біліктілік санаттары берілді. 24 педагогке «шебер-педагог», 18 педагогке – «педагог-зерттеуші», 2 педагогке – «педагог-сарапшы», 8 педагогке – «педагог-модератор» біліктілік санаттары берілді.

Айта кетейік, аталмыш шара педагогтердің жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік берді.

Материалды әзірлеген: Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button