Ресми

Елімізде көлік номерлерінің бағасы өсті

Елімізде көлік номеріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті. Баға 1 миллион теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: newauto.kz сайтынан

Деректерге сай биылдан бастап қарапайым номерлердің бағасы 10 337 теңгеден басталады. Ал 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді  арнайы номерлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады.

Біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын номерлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP номерлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе бұл 716 248 теңге тұрады.

Еліміздегі ең қымбат болып саналатын номерлерге 001, 002, 003, 777 жатады. Мұндай номерлер 1 052 220 теңге тұрады.

Бүгінде көліктің мемлекеттік номерлерін онлайн рәсімдеуге болады. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button