Жаңалықтар

Елімізде екінші сынып оқушылары үшін шет тілі алынып тасталуы мүмкін

Екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алынып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда «Шетел тілі» пәні алынып тасталатыны айтылды.

10-11 сыныптар үшін «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.

«11 жылдық білім беру шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесі деңгейіне дейін жеткізеді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», деп айтылған түсіндірме хатта.

Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button