Спорт

Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-шы ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды. Отандасымыз ақтық кезеңде әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыласынан айласын асырды. Сонымен қатар, жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші IV орынға көтеріледі.

Бұған дейін қос қарсылас бір рет жолығып, онда украиналық теннисші жеңіске жеткен еді. Бұл жолы отандасымыз есе жібермеді. 

Финалдық матчты украйналық тенисші бірден брейкпен бастады. Есеп – 2:0. Десе де Елена Рыбакина таразы басын теңестіріп, есепте алға шықты. Бір сағатқа созылған сетті брейкпен бітіріп, 6:4 есебібен отандасымыз алға шықты.

Екінші партия басында украиналық теннисші есеп ашып, 0:1 есебімен алға шыққан еді. Алайда отандасымыз бір сағаттан асқан ойында 3 эйс, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып, айласын асырды. Ал, қарсыласы тек 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Сонымен қатар, Қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингісінде VI сатыдан IV сатыға көтерілді. Отандасымыз бұған дейін әлемдік рейтингде 5025 ұпаймен IV орында тұрған франциялық Каролин Гарсияны басып озды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button