Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте – жетінші орында

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, еліміздің көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина бұрынғыша жетінші орында келеді.

WTA чемпиондық кестесінде Елена екінші сатыда тұр.

Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнын сақтап қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:

7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305,

45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235,

427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112,

463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96,

1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Хьюстондағы турнирдің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button