Электронды энциклопедия – қолжетімді қосымша

      «Қазақстан – Ұлы Дала елі» сандық қосымшасы туралы бұған дейін де жазғанбыз. Ондағы деректерді кез келген азамат өзінің ғаламторға жалғанған жеке компьютері арқылы пайдалана алады. Сондай-ақ, қосымшаны ұялы телефоныңызға да жүктеп алудың мүмкіндігі бар.

Үш тілде ақпар беретін қосымша 10 бөлімнен тұрады. Мәселен, «география» бөліміне үңіліңіз. Қазақстан туралы жалпы мәліметтер, жер бедері, ауа райы, ландшафттар және елдің өзен-көлдері жайлы деректермен танысасыз.

Екінші бөлім – Ұлы Дала елінің тарихы. Мұнда тас дәуірі, қола дәуірі, сақ тайпалары туралы деректер топтастырылған. Ежелгі мемлекеттер және Ұлы Жібек жолының да тарихын оқып біле аласыз.

Қазақстан қоғамы да қосымшадан тыс қалмаған. Қазақстан халқы Ассамблеясы, дін, елдегі мерекелер, спорттағы және білім саласындағы жетістіктеріміз сандық өнімнің мазмұнын аша түседі.

Әрбір бөлімде тақырыпқа сай суреттер де сыр шертеді. Мысалы, елдің спорт саласына көз жүгіртемін десеңіз, жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің мерейлі сәттегі суреті мен мұндалайды.

Ұлы Дала елінің жаршысындай өнімді әзірлеу міндеті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудан туындаған бо­латын.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеу­ге болады. Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej.

Мобильді құрылғыны қолданушылар үшін App Store және Play Market нұсқалары да ашық.

Бұдан бөлек, қосымшаның толық нұс­қасын компьютерге файл түрінде жүктеп алу да ұсынылған.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.