Ақтоғай

Елдің игілігі

    «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша ауданымызда ауқымды істер атқарылуда. Соның бірі – күні кеше Ортадересін ауылдық округінде пайданалуға берілген ауыз су құбыры.

Құбырды іске қосу шарасының тұсауын аудан әкімі С.Әбеуова мен ауыл имамы К.Шакиров кесті. Ақ жаулықты аналар шашу шашты.

Сондай-ақ, «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС басшысы С.Қасымбеков, ауыл тұрғыны С.Сейсенбай, мектеп директоры А.Қабдынова, көпбалалы ана З.Садықова сөз сөйледі. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарына көмек қолын созған ауыл азаматтарына, «Балқаш Жібек Жолы» ЖШС басшысына аудан әкімінің Алғыс хаттары мен арнайы сыйлығы табысталды.

Бұдан соң аудан әкімі Ақжайдақ елді мекенінде болып, жергілікті халықпен жүздесті, өтініш-тілектерін тыңдады.

Гүлнар МЕТАЙҚЫЗЫ.  

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button