Қарағанды

Елбасы – ел тірегі

«Кіндігін тауып

               Ұлы Даланың,

Алдымнан шықты

             күліп арманым.

Нұрсұлтан салған

            нұрлы қаланың,

Көшесіндегі гүлі боламын»

   –деп ақын жырлағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы – әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің Тұңғыш Президенті, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі.

Ол – ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік – тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер саясатшы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді, нұрлы болашақ жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз. Елбасымыздың «Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады. Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа үлкен жауапкершілік артады. Осы жауапкершілікті  жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының ОКЖ №8 филиал-кітапханасында кеше Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – ел тірегі» атты портрет-кеші өткізілді.

Шараға №74 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Кітапханашы  Елбасының балалық  шағы, еңбек жолы,  Қазақстан Үкіметін басқарғаннан бүгінгі күнге дейінгі ел үшін атқарған еңбегі жайлы балаларға ақпарат берілді.  Берілген ақпараттарды қорытындылау мақсатында балалар назарына  Президент өміріне, қызметіне байланысты сұрақтар дайындалып, шараға қатысушылар белсенді жауап беріп, өздерінің жақсы деген білімдерін көрсетті. Оқырмандар  Елбасы туралы өлең жолдарын мәнерлеп оқып берді. Шара соңында  ашық сөреде орналасқан құжаттарға шолу өткізілді. Шара өте танымды өтті.

 

Б.РЫСМАҒАМБЕТОВА,      

№8 филиал кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button