Ел тыныштығын күзеткен ерлерге тағзым

Құрметті Отан қорғаушылар, қадірлі ардагерлер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен адалдықтың символы іспетті. Біздің Тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері ата-бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің даңқты дәстүрлерін жалғастырып келеді. Олардың шынайы патриотизм мен жанқиярлықтың үлгісі болып табылатын ерлік істері халқымыздың жадында мәңгі қалады.
Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бүгінде біздің Отан қорғаушыларымыз қызмет атқару барысында батылдық пен темірдей тәртіп, антқа адалдықты таныта отырып, мемлекетіміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



