Ел тағдыры үшін маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында көзделген нақты және маңызды шешімін жіліктеп, жүйелі түрде ашып айтты. Мұның негізгі көрсеткіштері: қауіпсіз өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Президент Ұлттық банкке жалпы елде мемлекеттік қаржыны басқару бойынша ережелер жиынтығы қажет екенін айтты. Көп жағдайда төмен мемлекеттік қарыз бен резервтердің ел игілігі үшін пандемия зардаптарын ойдағыдай еңсеруде екенін мәлімдеді. Алайда, бәсекелестік жағдайында үнемі осылай жалғасады деген сеніммен қолдағы бардан айырылып қалмауға тырысу керек. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес.
Геологиялық зерттеу төменгі деңгейінде қалып отыр және бұл сала инвесторларға қолайлы болуы үшін кімге және қалай жер қойнауын пайдалануға шешім қабылдайтын монополист болмауы керек. 2025 жылға дейін Орталық Азияның әлемдік экономикадағы позицияларын нығайтуды күшейту көзделген.
ҚР Президенті Жолдауында ел тағдыры үшін маңызды ұлттық дамудың жоспарын анықтап берді.
Бекзат ЖАНГЕЛДІ, аумақтық инспекцияның бас маманы.
ҰЛЫТАУ ауданы.