«ЭКСПО-ның» екі айы

  10 маусым мен 14 тамыз аралығында «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысушы елдердің халықаралық павильондарына кіріп-шығу саны 17 миллионды құрады.

Көрменің 2 айында халықаралық қатысушылардың 66 Ұлттық күні және 4 Мамандандырылған күні ұйымдастырылды. 160-қа жуық тақырыптық іс-шаралар (конгрестер, конференциялар, форумдар, мастер-класстар) өткізілді. 22 мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, 78 Сыртқы істер министрі қатысқандығын да атап өту қажет.

Аталған мерзім аралығында жалпы сомасы 131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық өнім сатылған. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 млн. теңгені құрап, павильондарға 5298 тонна жүк жеткізілген.

Қазіргі кезде «ЭКСПО» қалашығында 5181 адам тұрады. Ал, екі айда 15416 қонақ орналасыпты.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.