Екінші ойында есе жіберді

Братин кубогі бәсекесінің ширек финалдық ойындар сериясындағы «Сарыарқаның» қарсыласы – қорғандық «Зау­ралье». Алғашқы ойында ресейлік клубты тізе бүктірген қарағандылықтар екінші матчта айласын асыра алмады.

Қос команда «Қарағанды – Аренада» кездесті. Ойын 2:3 есебімен «Зауральенің» пайдасына шешілді. Естеріңізде болса, мұның алдындағы айқаста 3:1 нәтижесімен «Сарыарқа» басым түскен еді.

Алдыңғы екі шайбаны қорғандықтар салды. Полторак пен Михеев мергендігімен көзге түсті. 0:2. 35-ші минутта «Сарыарқа» сапындағы Анисин есепті өзгертті. 1:2. Ал, 42-ші минутта Ломако таблодағы көрсеткішті теңестірді. 2:2.

Матчтың негізгі уақытында қарсыластар бірін-бірі ала алмады. Қосымша таймда «Зауральенің» Сироткині жеңіс шайбасын соқты. 2:3.

«Сарыарқаның» келесі матчы Қор­ғанда өтеді. Командалар 16 наурыз, яғни, бүгін кездеседі.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.