Қарағанды

Еңбек түбі – береке

     2013 жылдың қараша айында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қыркүйектің соңғы жексенбісін «Еңбек күнін» ретінде белгілеген еді. Осыған орай, жуырда «Молодежный» мәдениет үйінде түрлі шаралар өткізілді.

 

Шараға қатысушылар қатарында Қарағанды қаласындағы №2 емхананың рентгенолог-дәрігері Айсұлу Әлімбекова, №18 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Кәмшат Башаева, №52859 әскери бөлімінің №1 құтқару батальоны рота командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ахметов, Қарағанды сән колледжінің жоғары санатты мұғалімі Рита Павлова,  жасөспірімдерге қызмет көрсету жөніндегі №2 қалалық филиал меңгерушісі Айжан Исина, №15 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, аға лейтенант Қасым Камалиден, кенші Александр Зайцев, сонымен қатар, ЖОББМ-нің және агро-техникалық колледждің үгіт-насихат бригадасы болды.

Ең алдымен, «Еңбек адамдары» атты шығармашылық көрмені айта кетуге тұрарлық. Шығармашыл адам үшін туындысының көпшілік көзайымына айналғанынан асқан бақыт бар ма? Көрмеде Т.Бондаренко, Э.Гибатдинова, Д.Куковинцова, А.Петрова, И.Серікжанов, Е.Әділхан және А.Құрманәлиев сынды  7 қылқалам шеберінің туындылары қойылды. Олардың айтуынша, ең бастысы – күнделікті өмірдің қызықты сәттерін суреттеу. Сондықтан болар, туындыларда көбіне-көп өнеркәсіптер бейнеленіпті. Әлбетте, мұндай шараның суретшілдерге де ұмытылмас сәт сыйлатынын айта кеткен жөн болар.

Бұдан бөлек, «Мамандықтар әлемі» атты дөңгелек үстел де өткізілді. Мұндағы мақсат – қатысушыларға заманауи және күнделікті өмірде кездесетін мамандықтар жөнінде толығырақ мағлұмат беру. Сондай-ақ, жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауда қателеспеуге кеңес беру. Сөйтіп, кездесу барысында мамандықтар жан-жақты таныстырылып, әсерлі жүздесу ұйымдастырылды.

                                                                 Нұргүл ТӨЛЕПБЕКОВА,

«Молодежный» мәдениет үйі директорының орынбасары.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button