Ақтоғай

Еңбек түбі – береке

    Ақтоғай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашып жатқандар жетерлік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Сыбаға», «Игілік» тағы басқа бағдарламалар  аясында кәсіпкерлерге несиелер беріліп, істері жандандырылда.

Міне, сондай игі бастаманың бірі – Ақтоғай ауылындағы Жосалы ықшам ауданында   ашылған «Алаш» кооперативінің мүшесі А.Абзалбековтің мал бордақылау алаңы.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасарлары Қ.Нөкеш, А.Аманжолов, аудандық бөлім, мекеме мен қоғамдық ұйым басшылары қатысып, құттықтады.

Сонымен қатар, немересінің қолға алған ісіне алғашқы болып Алматтың әжесі А.Маймышева сәттілік тілеп, аналық ақ батасын берді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Жаңабергенов осы бастамаға ақ жол тілей отырып, А.Абзалбековке бөлім тарапынан сый-сияпатын табыстады.

Мал бордақылау алаңының ашылу лентасын «Алаш» кооперативінің басшысы А.Зей­­нелғабдин мен кәсіпкер­дің әжесі А.Маймышева қиды.

Алмат Абзалбековтің мал бордақылау алаңында қазір жүзге тарта ірі қара бордақылануда. Кәсіпкер ірі қараны мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Жандос МАҒЗҰМҰЛЫ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button