Ресми

Еңбегіне қарай құрметі

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. Президент өзінің сөзінде экономика, білім, денсаулық, экология, мемлекетті басқару, т.б. маңызды мәселелер туралы сөз қозғады. Оның ішінде 2025 жылды «Жұмысшы маман­дықтар жылы» деп жариялады.

Сурет akorda.kz

Бұл жағымды жаңалыққа мамандарды даярлайтын оқу орындарының ұжымы ризашылығын білдіреді. Қазір оқу орындары болашақ мамандарды жұмыс берушімен бірге даярлайды. Мұның нәтижесі зор. Студенттер теорияны тәжірибемен ұштастырады, нәтижесінде мықты мамандар пайда болады. Өзім жұмыс істейтін колледжде техникалық мамандықта оқитын студенттердің барлығы дерлік грантта оқиды. Бұл мемлекет тарапынан берілген жастарға деген қамқорлық деп ойлаймын.

Бір кездері жұмысшы мамандығына көңіл бөлінбейтін, ал, қазір өз мамандығына жылдар бойы адал қызмет жасап жүрген мамандар «Адал азамат – Адал ең­бек – Адал табыс» қағидатына сай, қо­ғамдық орындарда бағаланатын болды. Президент өзінің сөзінде «біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін  жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан, біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді», – деді.

Осыдан бірер жыл бұрын көп жыл еңбек еткен мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне атақтар беру қажет деген болса, енді инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылатындығын айтты.

Еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануы барша кәсіп иесіне ерекше шабыт беретіні сөзсіз. Еңбек адамның абырой-беделін көтереді десек, болашақта осындай азаматтардың «Әділетті Қазақстан» құруға өз үлесін қосатыны анық.

А.РАХИМБАЕВА,
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button