Жаңалықтар

Еңбегімен еңселі

      Түн ауса тұтам түгі өскен Қазақстанның кенге бай топырағы қашан да назардан тыс қалған емес. Оны игеріп, халық несібесіне жаратқан тұлғалар да елеусіз қалмайды. Міне, ел экономикасының еселенуіне өзіндік үлес қосып, қарым-қабілетімен көзге түскен сондай азаматтың бірі «Қазақмыс» корпорациясының» «Қарағанды Түсті ­Металл» өндірістік бірлестігінің жастар одағы төрағасы – Арман БЕЙСЕКЕЕВ.

Кейіпкеріміз «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша ҚарМТУ-ды тәмамдады.

Қазір Новосибирск университетінде «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша магистратура­да оқуын жалғас­тыруда.

Қоғамдық қызметін жас маман 2008 жылы маркшейдерлік жұмыстар кезінде шахтер болып бастады. Екі жылдан соң ол қосымша Жастар одағының хатшысы ретінде бекітіледі. Сөйтіп, өзін жауапты қызметкер ретінде танытқан азамат 2013 жылы «ҚарағандыТүстіМеталл» ӨБ Жастар одағының төрағасы қызметіне тағайындалады.

«ҚарағандыТүстіМеталл» Өндірістік бірлестігінің Жастар одағы 5 кәсіпорынды қамтиды. Олар – Қарағайлы және Нұрқазған байыту фабрикалары, Абыз кен орны, Құсмұрын – Ақбастау карьері және Нұрқазған шахтасы. Мұнда 1000-нан астам жас жұмыскер еңбек етуде. Ал, барлығында бір жетекші – Арман Бейсекеев. Өз кезегінде Арман жұмысшылардың қызығушылығына қарай ай сайын кәсіпорын аумағында түрлі спорттық, мәдени-көпшілік, ойын-сауық, интеллектуалды іс-шаралар өткізіледі. Сөйткен еңбегі де елеусіз қалмады. Облыс, қала басшыларының грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button