Жаңалықтар

Еңбегі – жемісті, қызметі – келісті

Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

     Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиын барысында жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігі сөз етілді.

Аппараттық мәжілісте облыс әкімі аппараты басшының орынбасары Абзал Жайлыбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, Қарағанды облысы әкімдігінің өткен жылғы сараптамасы бойынша қызметтің күшті әрі әлсіз жақтары анықталған.  Қарағанды облысы аумағын дамыту Бағдарламасының сапа деңгейі мен сарапталу толықтығы 96 пайызды құрады. Кейінгі үш жыл ішінде аумақты дамыту бағдарламасын толықтыру жұмыстары жақсарды. Қаражаттарды қайта бөлу көлемі азайды. Бюджеттік инвестициялық жобалар құнының сметалық артуына жол берілмеді. Сонымен қатар, жыл соңында 79,9 пайызға несиелік қарыздану азайды. Мемлекеттік тапсырыстар саласында мемлекеттік қаржы бақылау органдары тексерістерімен расталған шағымдар болмады (2014 жылы – 6 шағым).
Облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чер­нявскаяның мәліметінше, жыл сайын басқарма ҚР Ұлттық экономика және қаржы министрлігіне облыс әкімдігі қызметінің тиімділігі бойынша ақпарат береді екен. Сонымен қатар, жиын барысында ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы Евгений Русаков баяндама жасап, тиісті мәліметтер берді.
Жиын соңында облыс әкімі басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеп, жұмысты күшейтуді тапсырды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button