АймақЖаңалықтар
Е.Бөкетов көшесінде жаңа жолдың құрылысы басталды
Қарағандыда Е.Бөкетов көшесінің бойында жаңа тас жолдың құрылысы басталды. Жолдың жалпы ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды. Қарағанды қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуге уәде беріп отыр.

Қазіргі уақытта «Керемет» тұрғын үй кешені мен Панель Центр тұрғын үй кешені ауданындағы ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Мұнда жұмысшылар екі қабат асфальтбетон төсемекші. Сондай-ақ көшенің осы бөлігінде тұрғындардың ыңғайлы жүруіне арналған жаяу жүргіншілер жолы, жолды жарықтандыру орнатылмақ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бес бағдаршам мен жол белгілері де орнатылады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.