Достықтың кілті
Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырамас бөлігі және асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Әр ұлттың тілі – бақыт тірегі.
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қанша ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Адамның мәдениеті сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін жас буын арасында қалыптастыру мақсатында Тілдер күні мерекесіне орай № 45 гимназияда 5-11 сыныптар арасында «Полиглот» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастырып, басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мереке аясында әр сынып өздеріне берілген Қазақстан жерінде тұратын халықтардың тілдерінде тақпақ, өлең айтып, би билеп өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін асқақтата көрсетті. Бұл мереке оқушылардың отаншылдық пен патриоттық сезімін оята отырып, ұлттар арасындағы ынтымақтастығын нығайтты.
Гүлнар ЖҰМАБЕКОВА,
№ 45 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.