ТОКҮО 2020
Дмитрий Баландин жартылай финалға өте алмады
Жүзу спортынан ел атынан қатысқан Дмитрий БАЛАНДИН жартылай финалға өтпей қалды. Ол брасс әдісімен 100 метрге жүзуден сынға түскен болатын.
Бесінші топта өнер көрсеткен жерлесіміз 59,75 секунт нәтижемен 6 орынға тұрақтаған. Ал, қорытынды хаттама бойынша 17 орынды иеленгені анықталды.
Айта кетейік, бұл сында көшті америкалық спортшы Майкл Эндрю бастап тұр.