Білім

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы көтеріледі

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қатысушыларға берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері көтеріледі. Енді қаражат 345 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде бағдарламаға қатысушыларға берілетін жәрдемақы мөлшері – 241 500 теңге. Одан бөлек, 1500 АЕК мөлшерінде 0,01 пайызбен 15 жыл мерзімге тұрғын үйді сатып алуға немесе құрылыс жүргізуге тағы несиелік қолдау көрсетіледі. Ал, әлеуметтік көмекті дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт саласы түлектері, ауылшаруашылығы мамандығын аяқтаған азаматтар ала алады.

Айта кетейік, бағдарламаның бір жолғы жәрдемақы мөлшерін ұлғайту жобасы 22 мамырға дейін ашық талқылауда болады. Экономика министрлігі құжат қабылданса қаражат соммасы тек келер жылдан бастап көтерілетінін ескертті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button