Дін ислам діңгегім

    К.Байсейітова мектебінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Дін және білім» атты тақырыпта семинар-кеңес өтті. Семинарды тарих пәнінің мұғалімі Назым ШӘКІРБАЕВА жүргізіп, діни экстремизмнің қазіргі түрлері мен әдістері туралы жастар арасында кеңінен ақпарат берілді.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, олардың қоғамға кері әсері, дін құндылықтарын бұрмалаушылық діннен мүлдем алшақ жатқандығы айтылып, асыл дініміз экстремизм мен терроризмге түбегейлі қарсы екендігін, сан ғасырлар бойы ұлттық, сана болып қалыптасқан ислам діні оның ішіндегі Ханафи мазхабын ұстанғандылығы жеткізілді. Сонымен қатар, пайымды пікірлер ортаға салынды. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар жүргізілді.

М.Бейбітқызы,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.