Қарағанды

Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы

Қазіргі маманның кәсіби іс-әрекетінде инновациялық технологияны, яғни ғылымның жаңа табыстарына негізделген технологияны жасау, игеру және пайдалану талап етіледі. Іс-әрекеті инновациялық технологиямен байланысты маманның шығарған өнімінің де оның өзінің де бәсекелестік қабілеті жоғары болады. Біздің еліміздің қоғамдық-саяси ерекшеліктерінің мамандарға талаптары мынадай: инновациялық экономиканы дамыту, инновациялық технологияны дамыту, инновациялық-индустриалдық дамуды жүзеге асыру, білім беру жүйесін инновациялық есепке алып жетілдіру, инновациялық әлеуетті қалыптастыру.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы мұғалімнің өзін-өзі дамыту ұмтылыстарын қарастырған жөн балып табылады. Олар: өзін-өзі тану мотивтері, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарымен айналысуға талпыныс (құлшыныс) білдіруі, өзінің мақсатындағы басты жетістіктерді бағалай алуы, өзінің педагогикалық еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге мақсаттылығы болып табылады.

Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән мұғаліміне көмегін тигізеді. Сабақты комплексті түрде өткізудің тиімділігі, негізінен оны өткізудің әдістемелік тәсілдерге байланысты. Әр жаттығуды орындағанда, оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін оқушылар біліп отырса, олардың жаттығудағы белсенділігі артады. Нәтижесінде оқушылардың спорттық шеберліктері шыңдала түсіп, өз беттерімен спорттың жекелеген бір түрімен шұғылдануына себепкер болады. Сонымен бірге өзімнің үнемі ізденіспен, әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану іс тәжірибе бойынша комплексті сабақ өткізудің тиімділігінің нәтижесінде негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөліп өткіземіз.

К.БЕГУЛИН,

18 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button