Жаңалықтар

Даярлық деңгейі артты

     Жақында ғана «Астана» өңірлік қолбасшы­л­ығы­ның әскерлерінде взвод командир­ле­рінің жиыны аяқталды.

2-1

   Әскери қызметші командирлер негізгі пәндер, яғни, тактикалық, дене, кәсіби даярлық, радиациялық, химиялық және биологиялық қор­ғау, тылдық, техникалық, атыс әзір­лігі және жедел басқару бойынша сынақ тапсырды. Қазақстандық ар­мияда әскери қызметшілердің құ­қық­тық сауаттылығына бөлінетін на­зарды ескере отырып, сонымен қатар, рота командирлері мен тәр­бие және әлеуметтік құқықтық жө­нін­дегі офицерлер жиынының бағ­­дарламасына мемлекеттік-құ­қық­тық даярлық деңгейін тексеру, сондай-ақ, психология бойынша сы­нақ та кірді. Осылайша, «Астана» өңірлік әскерлер қолбасшылығында командирлік даярлық жаңа деңгейге шықты. Бүгінгі таңда еліміздің Қару­лы Күштерінде тәрбиешілермен қа­тар жеке құраммен жұмыс жасауда күрделі тапсырмалар жүктелген командирлердің ролі нығайып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button