DAT театры қарағандылықтарға жаңа спектакль ұсынады

Қойылымды театр қайраткері, DAT театрының негізін қалаушы әрі жетекшісі Дунай Еспаев сахналаған. Ерекшелігі – рөлдерді кәсіби актерлік білімі жоқ өнерпаздар орындайды.
«Айтылмай кеткен әңгіме» – достық, жауапкершілік және кешірім туралы психологиялық драма. Спектакльде өткен күндер естелік арқылы қайта жаңғырады. Екі достың әңгімесі көрерменді өмірлік таңдаулар мен жақын адамдарға дер кезінде айтылмаған сөздер туралы ойлануға жетелейді.
Оқиға басты кейіпкердің жақын досының жүрек талмасынан қайтыс болғанын естуінен басталады. Осыдан кейін ол досымен ойша сырласып, бірге өткізген жастық шағын, қызықты сәттерін, әзілдері мен пікірталастарын еске алады. Кейіпкер досының көзі тірісінде айта алмаған сөздерін енді жеткізуге тырысады.
Спектакль 30, 31 қазан және 1 қараша күндері сағат 16:00-де және 19:00-де көрсетіледі.
DAT театры Қарағанды қаласындағы Мұқанов көшесі, 21/3 мекенжайында, Naizatas тұрғын үй кешенінде орналасқан.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



