Ақтоғай

ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын Шашубай қонысындағы мәдениет саласының қызметкерлері де өз араларында талқылап, қолдады. Өнердің өз өкілдері Жолдаудың ел дамуына жаңа серпіліс беріп, жақсы тұрмысты одан әрі нығайтып, өркениет өріне жетелейтіндігіне нық сенімді.

«Жеңіс» мәдениет үйінің меңгерушісі Ө.Қалибеков, аға кітапханашы Б.Қалиева, мұрағат жетекшісі А.Апеева, мәдениет қызметкерлері З.Бегімбай, Т.Мақсұтовалар Елбасы жолдауының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын одан әрі жүзеге асырудағы жаңа кезең екендігін айтып өтті. Соның ішінде әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты айтылған ұсыныстар көңіліңді өсіре түседі. Ал, адами капитал сапасын жақсарту, әсіресе, білімді жастардың ел еңсесін көтеруге деген белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, қазақ тілінің басымдығы сақталып, ұлттық құндылықтарымызды, жәдігерімізді сақтап қалуға, мәртебесін өсіруге сара жол ашылады.

Мәдениет қызметкерлері мемлекет қамқорлығының аясы бұрынғыдан да кеңейе түсетіндігіне сенімді. Әсіресе, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларына деген жаңа мүмкіндіктің, қамқорлықтың жасалатындығына да ризашылықтарын білдірді.

Оралбек Жүнісұлы

Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button