Рухани жаңғыру

«Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының әкімдігі, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2021 жылдың қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына сәйкес ақын атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасын өткізеді.

  • Мүшәйраға 18-45 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;
  • Қасым Аманжоловқа, Тәуелсіздік тақырыбына арнау және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы міндетті;
  • шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет;

жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды. Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

– ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;

– шығарманың идеялық мазмұнына;

– туындының көркемдік сапасына;

– автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады. Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мүшәйраның марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады. Шараның өту форматы мен нақты мерзімі қосымша хабарланады.

Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2021 жылғы 20 қыркүйекке дейін kar_til@krg.gov.kz электронды мекен жайы бойынша қабылданады. Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-74-76, 87001124435, 8-702-8129378. «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық жыр мүшәйрасына қатысуға өтінім

Басқа материалдар

Back to top button