Дәнді дақылда ысырап жоқ

ҚАРАҒАНДЫ АЙМАҒЫНЫҢ АГРАРЛАРЫ АЛҚАПТАРДАН АЛТЫН ДӘНДІ ЖИНАП БОЛДЫ. ДӘЛІРЕК АЙТСАҚ, БҮГІНГІ ТАҢДА ОБЛЫСТА 842 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫҚ 100 ПАЙЫЗ ЖИНАЛДЫ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ОРТАША ӨНІМДІЛІК ГЕКТАРЫНА 10, 3 ЦЕНТНЕРДІ ҚҰРАП ОТЫР.

Сөйтіп, 867,3 мың тонна дәнді-дақыл бастырылды. Соның ішінде, бидай 626,2 мың гектардан жиналды. Ондағы өнімділіктің көлемі гектарына – 10,1 центнер шамасында. Аталған өнімділікпен бастырылған бидай 634,3 мың тоннаны көрсетті. Биылғы көктемгі егіс кезінде жоспарланған 65, 8 мың тонна толық себілген.

Картоп пен көкөністе ысырап жоқ. Мәселен, қазіргі уақытта картоп 100 пайыз қоймаға тасылды. Екінші нан аталған өнімнің шығымдылығы 261,1 ц/га құрайды. Сонда картоптан жалпы түсім 269,2 мың тоннаны көрсетіп отырса керек. Ал, көкөніске келсек, жиынтерім – 97 пайыз. Нақтыласақ, қарағандылық шаруалар 40,6 мың тонна көкөніс жинап үлгерді. Шығымдылығы да тәуір. Гектарына – 294 центнер.

Сонымен қатар, басқарма биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы астықты форвардтық сатып алудың басталғаны туралы хабарланғанын атайды. Оған қоса, сатып алу бағасы ұлғайтылған. Сапалық көрсеткіштерге байланысты бір тонна үшін 70-76 мың теңге екен.

Қазіргі күні Қазақстанда егін жинау науқанын аяқтау 92,3 пайыз. Әлі де 10 пайыз көлеміндегі алқаптан дәнді дақыл жинау ісі – егінді аймақтардың үлесінде.

 Деректерге сүйенсек, еліміздегі егіннің көлемі 14 млн.84,5 мың тонна. Ондағы орташа өнімділік гектарына 11,9 центнер шамасында.

Қызғалдақ АЙТЖАН