COVID-19 және карантин туралы ресми ақпаратты қайдан оқуға болады?

Коронавирус инфекциясына қатысты шұғыл мәліметтер сағат сайын өзгеріп, жаңарып отыр. Сондай-ақ, қауіпсіздік талаптары мен шектеу шараларына қатысты да өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда жалған ақпараттың белең алып, қоғамды адастыратыны тағы бар. Сондықтан да, мұндай келеңсіздікке ұшырамас үшін, тек, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз. Ал, оны төменде көрсетілген сілтемелерден оқи аласыз.

Елдегі және облыс аумағында  COVID-19 және ТЖ режимі туралы өзекті ақпараттарды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтынан оқуға болады.   Сондай-ақ,  Facebook  және Instagram желілеріндегі ресми парақшаларға жазылып, бақылап отыру мүмкіндігі бар. Жедел ақпарат тарататын Telegram арна ашылғанын да айта кеткен жөн. Бұл жерде де, тексерілген ресми ақпараттар жарық көреді. 

Бұдан бөлек,  аймақтағы коронавирус инфекциясына және ел Үкіметі, облыс әкімдігі және құзырлы органдар қабылдаған шаралар туралы жедел ақпаратты  Ortaltq.kz  сайтынан және  Instagram әлеуметтік желісіндегі @ortalyq.kz парақшасынан оқи аласыздар.