Спорт

Буллиттер сериясы жеңіс сыйлады

     Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасы Жоғарғы хоккей лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Өткен аптада кезекті кездесуін «сарыарқалықтар» Красноярск қаласының «Сокол» клубына қарсы өткізді.

Бірінші кезеңде алғашқы болып есепті жерлесіміз Сергей Банашков ашты. Ойынның екінші бөлігінде «Сокол» клубының мықтысы Александр Репьях таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде «Сарыарқаның» мер­­­гені Евгений Орлов қонақтардың қақпасына шайба салды. Қарап қал­маған «Соколдың» хоккейшілері Аслан Раисовтың көмегімен есепті тағы да бір шайбаға қысқартты. Десек те, ойын барысында шеберлік танытқан Евгений Орловтың еңбегі еш кетпеді. Буллиттер сериясы бойынша 3:2 есебімен «Сарыарқа» командасы жеңіске жетті.

13 ақпанда «Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік «Рязань» командасын қабылдайды.

Әзірге, Жоғары хоккей лигасының турнир кестесінде Өскеменнің «Торпедо» командасы 100 ұпаймен ал­дыңғы орында. Екінші орынға «СКА-Нева» командасы 96 ұпаймен орналасты. «Сарыарқа» хоккей клу­бының жинаған 95 ұпайы жерлес­терімізді турнир кестесінің үшінші сатысына көтерді.

Бір айта кетері, «Сарыарқаның» келесі қарсыласы «Рязань» командасы бұрынғы кездесулерінде жеңіліс тапқан. Тіпті, «Сарыарқа» хоккей клубының 100-інші шайбасы аталмыш командаға соғылған еді. Осы жолы жерлестеріміздің жеңіс туын желбіретеріне сенім мол.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button