Білім

ҰБТ-да калькулятор пайдалануға бола ма?

Қазақстанда биылғы ҰБТ тапсыру науқаны басталып кетті. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ кезінде сақталуға тиіс ережелерді түсіндірді.  Сонымен қатар, ҰБТ-ға калькулятор алып кіру мәселесіне де жауап берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: inform.kz

Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 57 мың адам тест тапсырған. Оның ішінде түлектердің 74%-ы – қазақ тілінде, 25%-ы – орыс тілінде, 37 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ басталғалы шекті балды 78% жуық талапкер жинады. Орташа балл – 70.

– ҰБТ-ға өзіңізбен бірге калькулятор алып кірудің қажеті жоқ. Бұл әрекет ереже бұзу фактісі болып саналады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы ҰБТ мен негізгі ҰБТ-да (мамыр-маусым) калькулятор тестілеу компьютерінде болады. Айта кетейік, сіздер калькулятордан бөлек компьютер экранынан Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесін, Бекетов тізбегін таба аласыз, – делінген орталық хабарламасында.

​Айта кетейік, талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button