Білім

ҰБТ-2023: тестілеуге не алып кіруге болады?

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ұлттық бірыңғай тестілеуге кіру талаптарын тағы бір рет түсіндірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz  Sputnik сайтына сілтеме жасап.

– Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан «өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма?» деген сұрақ келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейін. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды, – деп жазды Руслан Емелбаев әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауат, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор бар.

Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады.

– Ал, түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздерге ыңғайлы болуы үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн, – дейді орталық директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button