Боз кілемде – балуандар

    Кеше Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінде грек-рим күресінен балуан Төлеутай ЕСЕНБЕКОВТІ еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Оған облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков, марқұм балуанның ұлы Арғын Есенбеков, жарыстың бас төрешісі Олег Маньшин, «Дәулет» күрес мектебінің директоры Болат Шынбаев қатысты.

Жарыста Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 250-ге жуық балуан (2001-2002 жылы туған) боз кілемге шығады. Спортшылардың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларынан көрінеді.

КСРО спорт шебері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, Құрметті шахтер, КСРО-ның еңбек ардагері Т.Есенбековтің атындағы еске алу турнирді дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

Жарыс барысында, КСРО спорт шебері Төлеутай Есенбековтің грек-рим күресінен жеткен биігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың парызы екендігі сөз болды. Сондай-ақ, турнирдің негізгі мақсаты – жас палуандарымызды іріктеп, дүбірлі додаларда бақ сынауларына жол ашатындығын айтты.

Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.