Білім

Болашақ журналистер – бүгіннен

Абай қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы лицейдің оқушылары мектептегі телестудияны дамытуда. «Мектеп-ТВ» телеарнасының жұмысын жетілдіріп, YouTube платформасында блог түсіруде. Қазір бұл телеарнаға журналист және педагог Алена Слынько жетекшілік етіп отыр.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан

Бүгінде телестудиоға қажетті жабдықтар толық алынған. Заманауи үлгіде жасалған бейнемонтаж бөлмесі, жарықтандырылған студио, тіпті, жоғары сапада түсіретін камера мен фотоаппараттар алынған. Бейнемонтаждауға арналған компьютер де бар. Қазіргі таңда мектеп оқушылары осы мүмкіндікті пайдалана отырып, түрлі бағыттағы дүниелерді YouTube арқылы жариялап жүр.

– Биыл менде үш жас тобы бар. Мұнда барлығы 54 бала. Ал, сабақтар тақырыптық жоспар бойынша жүреді. Бастапқыда журналистиканың түрлі жанрын, тарихын зерттедік. Содан кейін балаларға сөйлеу техникасын, шешендік өнерді үйретіп, дикция қалыптастыруға үйреттік. Бір ерекшелігі, кіші топтағы балалар үшін сабақтың бәрі ойын түрінде өтеді. Алдағы уақытта балалар сценарий, мақала жазуды, монтаж жасауды үйренеді,– дейді Алена Слынько.

Айта кетейік, тележүргізушілер үйірмесінде ерекше қажеттілігі бар балалар да білім алуда. Үйірме жетекшісінің айтуынша, үйірме олардың тілдік кедергілерін жеңуге үлкен септігін тигізетінін айтады. Қазіргі уақытта үйірме оқушылары теле- және радиожурналистика, фотожурналистика, операторлық шеберлік, бейнемонтаж және мобилография мамандықтары бойынша білім алуда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button