Бизнеске бетбұрыс

    Елбасы Жолдауында кәсіпкерлікті, яғни, ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау әрі шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге арттыруды міндеттеген болатын. Осы орайда, шағын және орта бизнесті дамытуда, инновациялық және әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жас кәсіпкерлердің мүмкіндігі мол. Биылғы жылы тұңғыш рет қосалқы шаруашылықты қолға алған жалынды жастарға Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА қаржылай қолдау көрсетті.

Жиынға қатысушылар Отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру үшін қажетті барлық шараны қабылдау керектігін де алға тартты. Кәсіпкерлік саласындағы бастамаларды ынталандырудың жаңа жүйесі жасалып жатқандығын сөз етті. Сондай-ақ, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Жетпісбаев аудан әкімі С.Әбеуоваға және бір топ жастарға «Жас Отан» Жастар қанатының арнайы Алғыс хатын табыстады. Осы күні аудан бойынша, 11 үміткер қатысып, 7 жас кәсіпкердің жобасына таңдау жасалды. Өркендеу мен еңбек өнімділігін арттыруда жұмыс жасап жатқан жастар 400-600 мың теңге аралығында аудан әкімінің грантын иеленді.

 

Анар КӘРІМОВА,

Ақтоғай ауданы жастар 

ресурстық орталығының маманы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.