Қарағанды

Біздің міндет – халыққа қызмет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғалы бері, еліміздің даму тарихында көптеген жаңа үрдістер мен өзгерістер болып жатыр. Тарихымызға деген көзқарас бұрынғы кеңес дәуіріндегідей біржақты емес, жан-жақты қамтитын тың деректермен жаңарып толығуда. Осы бағытта ғылыми мекемелер, оның ішінде архив қызметкерлері де  адал қызмет атқарып жатыр.

Архив – халықтың деректі ескерткішін, ұлттың тарихын сақтаушысы деп бекер айтпайды. Архивтегі құжат болған оқиғаны еш айна-қатесіз баяндайтын заңды құжат болып табылады.

«Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» тұрақты түрде халыққа қызмет етіп келеді.

Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

– көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

– мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық     көріністеріне жол бермеу;

– мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

– мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

– мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Архивте мемлекеттік қызмет 11 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша келесі нормативтік-құқықтық құжаттарды қолданады:

1.1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2 . 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  1. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 «Архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ( 2017 жылғы 7 наурыздағы № 57 бұйрығы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілді).
  2. 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/01 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017 жылғы 29 маусымда №38/06 бұйрығы бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілді).

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің мазмұны, оны орындау мерзімі:

1) Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау және өтінішті тіркеу 14 (он төрт) минутты құрайды;

2) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамасын қою және көрсетілетін кызметті жауапты орындаушыға беру – 4 (төрт) сағат;

3) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеу. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан көп ұйымның, сондай-ақ, уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады. Бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады;

4) Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет нәтижесін қалыптастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қою – 1 (бір) күн;

5) Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 15 (минут).

Е-әкімдік ақпараттық жүйесі халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін көтеру үшін құрылған.

Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінде Е-әкімдік ақпараттық жүйесі модульдік жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Жүйенің барлық функциялары бір-бірімен байланысты және архив қызметінің логикалық циклын қолдайды. Бұл көп компонентті жүйе және ақпаратты енгізудің бірыңғай нүктесі; ақпаратты өндеу бірыңғай орталығы мен ұйымның қызметі туралы ақпаратты алудың бірыңғай қайнар көзі.

Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архивінде көптеген қорлар сақталуда. Мысалы, олардың ішінде аса бағалы қорлар: Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық көмір институты (КазНИИуголь), «Карагандагорсельпроект», «Центрказгиппроводхоз», «Казгипромез», «ГосНПЦзем», «Гипроуглегормаш» мемлекеттік жобалау институттары, Қарағанды ботаникалық бағы, Қарағанды көмір жобалық кеңсесі, «Водоканал» АҚ, М.Хамиев және М.Мукушев жеке тұлға қорлары және тағы басқа қорлар бар.

Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві әрбір сұраныс берушіге сапалы және адал қызмет көрсетеді.

Мөлдір Әбдуақас,

«Қарағанды облысының ғылыми-техникалық

құжаттама жөніндегі мемлекеттік

архиві» КММ архившісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button