Білім

Биылғы оқу жылына 88 мың грант бөлінді

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев орталық коммуникациялық қызметінде өткен жиында 2023-2024 оқу жылына бөлінетін грант саны жайында айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qazaqstan.kz сайтына сілтеме жасап.

2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінеді. Оның ішінде: бакалавриатта оқу үшін – 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр.

Атап айтқанда:

Педагогика – 12 560;
Өнер және гуманитарлық ғылымдарға – 1615;
Әлеуметтік ғылымдар – 960;
Бизнес, басқару және құқық – 1223;
Жаратылыстану ғылымдары – 7388;
АКТ – 10 103;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы – 18 744;
Ауыл шаруашылық – 2273;
Ветеринария – 975.

– Бұл ретте гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарды қамтиды. Сондай-ақ, тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтарындағы жастар үшін де арнайы грант бөлінген. 2023 жылы өңірлік ЖОО-ларға бөлінетін педагогикалық квота саны артып, 6280 грант бөлінгенін ерекше атап өтсем. Ал Серпін бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді, – деді спикер.

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, биыл грантқа құжат қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндерінде өзгеріс болмайды. Грантқа құжат қабылдау уақыты 13-20 шілде аралығында өтеді, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін ұсыну жоспарланған. ЖОО-ға қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button