Жаңалықтар

Биыл Қарағанды тұрғындарын орталық саябақта қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында қаза тапқан кеншілерге арналған ескерткіш пен скейт алаңы жөнделіп, сафари-парк салынып, төсеніштер жаңартыла бастайды. Қарағандылықтардың сүйікті демалыс орындарының бірінде тағы қандай өзгерістер болатыны жайлы қала басшысы Мейрам Кожухов айтып берді.

Қарағанды әкімі саябақта болған кезде Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфир өткізді. Проблемалық орындарды ол мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының басшысы Талғат Байтохинмен және оның орынбасары Роман Калачевпен бірге аралап қайтты.

Қала басшысы тікелей эфирге саябақтағы скейт алаңынан шықты. Әкімнің айтуынша, бұл аумақтың жағдайы нашар деп көптеген ата-аналар шағым түсірген. Қазір алаң қоршалған. Мердігерге қатысты сот ісі қаралып жатыр. Мейрам Кожухов саябақтар басқармасының басшылығына соттың аяқталуын күтпей, жақын арада алаңды ретке келтіруді тапсырды.

Биылғы жылы бұрын аудан әкімдіктеріне берілген гүлзарлардың бір бөлігін мәдениет және демалыс саябақтары басқармасына қайтару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ведомствоның балансында 80 бірлік техника бар, олардың басым бөлігі шағын тракторлар.

– Биыл Пришахтинск шағын ауданындағы Қазақстанның 40 жылдығы саябағын абаттандырамыз. Саябақ қараусыз қалған. Біз жарықтандыру жүйесін, футбол алаңы мен ойын алаңдарын, қоқыс жәшіктері бар орындықтарды қоюды, шекаралары бар жолдар жасауды жоспарлап отырмыз, – деді Талғат Байтохин.

Саябақтар мен шағын бақтарда 22 мың шаршы метр төсеніштерді ауыстыру жоспарлануда. Жұмыстар жабын жарамсыз болған жерлерде жүргізіледі.

Биыл сафари-паркінің құрылысы басталады. Ол “Космонавт” қонақ үйінің маңында орналасады.

Саябақ қызметкерлері қайың тоғайында орналасқан қаза тапқан кеншілерге арналған ескерткішті жөндеуге кіріседі. Соңғы рет жеңіл жөндеу өткен жылы ескерткішті бұзақылар зақымдаған кезде жасалған болатын.

Қалалық саябақтар мен шағын бақтардың гүлзарлары гүлдермен безендіріледі. 15 мамырдан бастап 300 мың біржылдық гүлдер отырғызу басталады.

Саябақтың батыс бөлігінде жаңа коммерциялық нысандар пайда болады. Қала әкімі мұнда тегін ойын алаңын орнату үшін орын қарастыруды ұсынды.

Алдағы екі жылда жаңа аттракциондар болмайды. “Шолу дөңгелегі” жаңартылуда. Өнеркәсіптік альпинистер оны бояумен айналысады. Сондай-ақ, кабиналар жөнделеді, жылжымалы бөліктер ауыстырылады, сәндік жарықтандыру қосылады.

Үлкен саябақ көлін тазалау жалғасады. Роман Калачев айтқандай, хлорелла бактериясы жылына үш рет отырғызылды. Талдауларға сәйкес аммиак, хлорид және көмірқышқыл газының пайызы төмендеді. Бірақ үлкен көлдегі аралға ештеңе жасалмайды, ол тек қалтқылармен қоршалған.

Келесі “Әкім сағаты” ЖЭО-3-те өтеді. Оның басшылары электр станциясының жұмысы, жылыту маусымына дайындық туралы айтып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button