Бас тақырыпРесми

Биыл Қарағанды облысында жеті медициналық мекеме ашылады

Биыл жыл соңына дейін Қарағанды облысында 4 емхана мен 2 оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Ересектерге арналған 40 орындық оңалту орталығы Оңтүстік-Шығыста, ал, балаларға арналған 50 орындық орталық Майқұдықта ашылады. Науқастарға қызмет көрсету сапасына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің пилоттық режимі де айтарлықтай ықпал еткен. 

– Оңалту көмегіне қол жеткізу 42%-ға жақсарды. МӘМС енгізу жөніндегі пилоттық жоба басталғанға дейін орташа ай сайын оңалту төсектерінде 690 пациент емделді. Қазан айында бұл көмек түрі 981 науқасқа көрсетілді, – деді Ержан Нұрлыбаев.
Медициналық сақтандыру арқасында көптеген адамдар КТ және МРТ сияқты қымбат тексеруден өте алды. Медициналық қызметтің бұл түрлері соңғы екі айда 2.5 есе жиі көрсетіле бастады.  

Басқа материалдар

Back to top button