Биыл қанша түлек мектеп бітіреді?

Биылғы оқу жылын 3 миллион 700 мың оқушы аяқтайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

– Биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты бітіреді, олар одан әрі 10-сыныпқа қала ма, әлде колледждерге түсе ме әлі белігісіз. Түлектер бұл шешімді өздері қабылдайды. 9-сыныптан кейін 130 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс ұсынылады. Түсу емтихандары өткізілмейді: балалар колледждерге орта білім туралы аттестаттың орташа балымен қабылданады. Барлық меншік түріндегі мектептерде 11-сыныпты 172 мыңнан астам түлек аяқтайды, деді Шолпан Каринова ОКҚ алаңында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.