Білім деңгейі: Қарағанды – алдыңғы сапта
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы мектепшілік білім беру деңгейі бойынша көшбасшы аймақтарды атады. Қарағанды облысы – алдыңғылар қатарында. \
Өңірлер арасындағы білім беру деңгейінің айырмашылығы екі жылды құрайды. Бұл туралы ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды.
PISA-2018» зерттеулері өңірлердің білім берудегі айырмашылығы жоғары екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері бойынша ең үздік және ең осал өңірлердің білім беру айырмашылығы қашықтықтан оқытуда 84 балл, математика бойынша – 73 балл, жаратылыстану бойынша 70 балды құрайды. Егер ескі әдістеме бойынша санасаңыз, бұл – екі жыл. Яғни, Қазақстанның үздік және осал аймақтар арасындағы білім деңгейіндегі айырмашылық екі жылды құрайды, – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Министр сондай-ақ, қаладағы және ауылдағы білім беру деңгейінің айырмашылығы байқалатынын атап өтті. Оқушылар жалпы білім деңгейі бойынша 38 балл, математикадан – 22 балл, жаратылыстанудан 32 балды көрсеткен.
Жалпы, оңтүстік және батыс облыстарда – көрсеткіш төмен. Нұр-Сұлтан және Алматы, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – көшбасшылар қатарында. Сыртқы бағалау бойынша Жамбыл облысынан өзге облыстар жоспарланған көрсеткішке жете алмаған.
Өз тілшімізден.