Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: құндылықтарды қалыптастыру және тұлғаны дамыту
Мектептегі тәрбие жұмысы баланың үйлесімді дамып келе жатқан тұлғасын қалыптастыруда, білім алушылардың әлеуметтенуінде, тең және рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Сауатты ұйымдастырылған тәрбие жұмысы балалардың жауапкершілік, тәртіп, төзімділік, басқаларға және өзіне деген ұмтылыс сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Жоба ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын: тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады. Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Күн сайын: үзіліс кезінде білім алушылар асық, тоғызқұмалақ, бес тас сияқты ойындар ойнайды; ата-аналар баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелеседі; қоңыраудың орнына күйді ойналады, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй композициялары қойылады.
Сынып сағаттарының мазмұнына профилактикалық іс-шаралар кіріктіріледі, оған пікірталас, ақпараттық қауіпсіздік мамандарымен кездесулер, тренингтер, кейс-сессиялар, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мектепішілік шеберлік сыныптары, деректі фильмдерді қарау, Қылмыстық кодекстің негізгі нормаларын меңгеру үшін ішкі істер органдарының, прокуратура өкілдерімен кездесулер кіреді.
Облыс мектептерінде білім алушылардың негізгі құзыреттерін дамыту мақсатында «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы» жобаларының аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда: «Жер сағаты» акциялары, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі, «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциялары, «Мамандықтар әлемі» іс-шаралары, «Мамандықтар марафоны» байқауы, «Даналық ұстаздан» челленджі, «Ұлттық мәдениет» қойылымдары, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі, «Startup» және «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқаулары, «Кітаптар айналымы» акциясы, «Кітапты шын жүректен сыйла!» челленджі.
Аруна МҰҚАШЕВА,
білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы