Ақтоғай

Би есімін ұлықтады

   Заманының ірі тұлғасы, бұқараға пана болған Шабанбай бидің ұрпақтары баба атындағы волейбол жарысын өткізуді дәстүрге айналдыруда. Әйгілі Жидебай батыр «Шаппай жүйрік болған Шабаным, Сөйлемей шешен болған Шабаным», – деп Шабекеңді асқақтатып отырады екен. Бүгінгі ұрпақтың Шабекеңе қарап, бой түзеуі заңдылық.

Шабанбай би ауылында осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған волейбол бәсекесі жыл санап, қанатын жайып, облыстық деңгейге көтеріліп келеді. Турнирге би ұрпақтары демеушілік көрсетті. Бұл жолы жарысқа Алматы, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран қалаларының құрамалары мен жергілікті командалар қатысты. Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Арнат Сайды жарыстың шымылдығын құттықтау сөзбен ашты. Ауыл имамы Айдаржан Қасенов Шабанбай би рухына құран бағыштады.

Осындағы Ә.Ермеков атындағы мектептің спорт залына көрермендер көп жиналды. Жарыстың бұқаралық сипат алуы осыдан-ақ байқалса керек. Волейбол бәсекесіне 8 команда қатысып, аса тартысты ойында Шабанбай би командасы І орынға шықты. Сондай-ақ, Алматының «Мамлюк» командасы ІІ орынға табан тіреді. Жарысты ұйымдастырушылардың шешімімен жүлделі қос ІІІ орынды «Жібек жолы» мен «Сегіз сері» командалары өзара бөлісті.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button